№289 орта мектебі — Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Ә. Әшірбеков №39 мекенжайында орналасқан, сапалы білім беруді мақсат тұтқан заманауи білім ордасы.
Мектептің басты мақсаты — оқушыларға жан-жақты білім беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерту, тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Бүгінгі таңда мектепте тәжірибелі педагогтар қызмет етеді. Ұжымның кәсіби деңгейі жоғары, әр мұғалім оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге бағытталған.
Оқу кабинеттері, спорт залы, кітапхана, интерактивті жабдықталған сыныптар — барлығы оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін жасақталған.
Мектеп жыл сайын түрлі аудандық, облыстық және республикалық байқауларда, олимпиадалар мен спорт жарыстарында жетістіктерге жетіп келеді.
Біздің мақсат — ел болашағы үшін білімді, жауапкершілігі жоғары, жаңашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.